Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Тұрақты дамуды қамтамасыз ету
22.01.2015
2014 жылдың 11 қарашасында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» тақырыбымен жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауын жариялады. Осы бір ерекше оқиғаға орай абонементтер бөлімі оқырмандардың Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену мақсатында дайындаған мемлекеттік жаңа экономикалық саясатымен танысуына мүмкіндік беретін «Тұрақты дамуды қамтамасыз ету» атты кітап көрмесін безендірді.
Көрмедегі көрнекті орындарға Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығын атап өтудің ұлттық жоспары, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу секілді ресми құжаттар қойылған.
Елдің дамуындағы стратегиялық міндет болып табылатын шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуге, көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамытуға, ТКШ жетілдіруге, ішкі және сыртқы саясат мәселелеріне және еліміздің халықаралық деңгейдегі беделіне арналған кітаптар мен мерзімді басылымнан алынған мақалалар да құнды материалдар болып табылады.
Кітап көрмесі жыл аяғына дейін жұмыс істейтін және жаңа әдебиеттермен толықтырылып отырылатын болады.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus