Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Марал ишан әулетінің рухани құндылықтары» | 25.07.2026 | 25 шілде күні Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы және «Марал баба» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен Жастар сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған «Бабалар жолымен» республикалық автокеруені аясында «Марал ишан әулетінің рухани құндылықтары» атты ғылыми-танымдық дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға ғалымдар, тарихшылар, қоғам қайраткерлері, дін өкілдері, Марал ишан Құрманұлының ұрпақтары, сондай-ақ еліміздің әр өңірінен келген зиялы қауым өкілдері қатысты. Кездесу барысында Марал ишан Құрманұлының рухани мұрасы мен тарихи тұлғасы жан-жақты талқыланды. Баяндамашылар оның ағартушылық қызметіне, ел бірлігін нығайтудағы еңбегіне кеңінен тоқталды. Іс-шараның көркін «Жұлдыз» домбыралы студиясының жас өнерпаздары әрлеп, қазақтың дәстүрлі күй өнерінің жауһарлары «Балбырауын» мен «Адай» күйлерін орындады. Дөңгелек үстел аясында Марал ишан Құрманұлының өмірі мен рухани мұрасын насихаттауға арналған «Аңызға айналған ғұлама» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Марал ишанның өмір жолы, ағартушылық қызметі, рухани мұрасы мен тарихи тұлғасына қатысты кітаптар, ғылыми зерттеулер, архивтік материалдар және мерзімді басылымдардағы жарияланымдар қойылып, көпшілік назарына ұсынылды. Осындай ғылыми-танымдық кездесулер ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, тарихи сананы жаңғыртуға және халқымыздың бай рухани мұрасын кейінгі ұрпаққа насихаттауға қызмет етеді. | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|