Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Ғарышқа ұшқан тұңғыш қазақ» | 20.07.2026 | 20 шілдеде Әмбебап оқу залында ұшқыш-ғарышкер, Кеңес Одағының Батыры, авиация генерал-майоры, Халық қаһарманы, ғарышты бағындырған тұңғыш қазақ Тоқтар Әубәкіровтің 80 жылдығына арналған «Ғарышқа ұшқан тұңғыш қазақ» атты көрме-танысуы жұмыс істей бастады. Көрмеде атақты ғарышкердің өмірі, кәсіби жолы мен жетістіктері туралы баяндайтын кітаптар, энциклопедиялық басылымдар, өмірбаяндық материалдар және мақалалар ұсынылған. Көрмеде оқырмандарды Тоқтар Әубәкіровтің өмірімен, қызмет жолымен және авиация мен ғарыш саласының дамуына қосқан үлесімен таныстыратын «Военная энциклопедия Казахстана» және «Айбын энциклопедия» басылымдары ерекше орын алады. Көрме ғарышкердің ұшуға дайындық кезеңдері, қазақстандықтың ғарышқа алғашқы ұшуының тарихы туралы айтып береді, сондай-ақ бұл оқиғаның ел үшін және әлемдік ғарышты игеру үдерісі үшін маңызын ашады. Көрме жастар арасында ғылымды, авиацияны және ғарыш саласын насихаттауға, отансүйгіштік сезімді қалыптастыруға, Қазақстан жетістіктеріне деген мақтаныш пен ұлттық қаһармандарды құрметтеуді тәрбиелеуге бағытталған. Баршаңызды 20 шілде мен 17 тамыз аралығында жұмыс істейтін көрмені тамашалауға шақырамыз. | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|