Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Ермек дауысы – халық қазынасы»
03.07.2026
3 шілдеде Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері Мүгедектігі бар адамдарға арналған Қостанай облыстық оңалту орталығында аты аңызға айналған кеңестік опера әншісі, КСРО халық әртісі Ермек Серкебаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Ермек дауысы – халық қазынасы» атты музыка сағатын өткізді.
Іс-шара барысында қатысушылар көрнекті вокал өнері шеберінің өмірімен және шығармашылық мұрасымен танысты. Оның өмірбаяны, сахнада жұмыс істеуі, жарқын өнер көрсетулері және қазақ опера өнерінің дамуына қосқан елеулі үлесі туралы баяндайтын бейнематериалдарды көру ерекше қызығушылық тудырды.
Музыка сағаты Ермек Серкебаевтың шығармашылық жолы туралы әңгімемен және оның репертуарындағы танымал туындыларды тыңдаумен сүйемелденді. Бұл қатысушыларға әлемге әйгілі өнер иесінің бай мұрасымен тереңірек танысуға және оның орындаушылық шеберлігін, қайталанбас қабілетін сезінуге мүмкіндік берді.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus