Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Мемлекеттік рәміздер – еліміздің негізі» | 03.06.2026 | Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылымикітапханасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу қарсаңында «Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары колледжі» мекемесінде «Мемлекеттік рәміздер – еліміздің негізі» атты викторина ұйымдастырды. Іс-шара барысында кітапхана қызметкерлері студенттерді мемлекеттік рәміздердің құрылу тарихымен таныстырып, қызықты фактілер туралы айтып берді, олардың тәуелсіздіктің, бірлік пен ұлттық мақтаныштың символы ретіндегі маңыздылығын атап өтті. Еліміздің мемлекеттік рәміздерінің құрылу тарихына арналған бейнефильм қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Іс-шара студенттер өз білімдерін, белсенділігін және Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениетін білуге деген қызығушылықтарын көрсете алған қызықты викторинамен және ребустарды шешумен аяқталды. | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|