Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Школа злословия»
20.05.2026
20 мамырда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК өлкетану әдебиеттері бөлімінің қызметкерлері ЧелГУ Қостанай филиалында жазушы Татьяна Никитична Толстаяның 75 жылдығына арналған «Школа злословия» атты сұхбат кешін өткізді.
Татьяна Никитична талантты прозашы ретінде ғана емес, сонымен қатар тележүргізуші, публицист, әдебиет сыншысы ретінде де танымал. Ол екі ұлы жазушының – Алексей Толстой мен Корней Чуковскийдің немересі, бірақ оның ойы жұрттан ерекше. Ол жұртқа жағуды мақсат етпейді. Оның пайымдаулары көптің пікіріне кереғар болып шығады, тіпті арандатушылық деуге болады, бірақ көбінесе нысанаға дәл тиіп жатады.
Кеш барысында жүргізушілер жазушының көркем әлеміне ену арқылы аудиториямен интерактивті ойын өткізуге тырысты. Қатысушылар шығармашылық ойлауды, мәтінді стилистикалық безендіру тәсілдерін, пікірталас жүргізу және өз көзқарасын дәлелдеу қабілеттерін дамытуға бағытталған тапсырмалар алды.
Іс-шара ойнай отырып өз мамандықтары үшін пайдалы дағдылар алған, сондай-ақ Т. Н. Толстаяның өмірімен және шығармашылығымен таныса алған студенттердің қызу талқылауын тудырды.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus