Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Чернобыльдің үрейлі жаңғырығы» | 10.04.2026 | 10 сәуірде Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың 40 жылдығына орай «Чернобыльдің үрейлі жаңғырығы» атты әңгіме-талқылау өтті. Іс-шараға апат салдарын жоюшылар – Қарасатов Мұрат Сәбитұлы және Құтыбаев Серік Сапаржанұлы қатысты. Олардың сол жылдардағы оқиғалар туралы, апаттың салдарын жоюға қатысқан адамдардың жанқиярлығы туралы естеліктері қатысушыларға қатты әсер етті. Кездесу аясында «Чернобыль: қырық жылдан кейінгі жағдай» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды, онда апаттың себептері мен салдарын, адамдардың тағдырын, сондай-ақ трагедияның экологиялық және әлеуметтік аспектілерін ашатын басылымдар ұсынылды. Іс-шара қатысушыларға болған оқиғаның ауқымын тереңірек түсінуге мүмкіндік беретін бейнематериалдарды көрсетумен сүйемелденді. Әңгімелесу барысында тыңдаушылар белсенді сұрақтар қойып, Чернобыль апатының оқиғалары туралы көп нәрсе білді. Мұндай кездесулер тарихи жадыны сақтауға, болашақ үшін жауапкершілікті қалыптастыруға және апатты жоюшылардың ерлігіне құрметпен қарауға ықпал етеді. | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|