Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Айтыс – сөз өнерінің мәйегі» | 26.03.2026 | 26 наурыз күні Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының қолдауымен облыстық халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының ұйымдастыруымен оқушылар арасында «Жас тұлпар» облыстық айтысы өтті. Аталмыш іс-шарада Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Айтыс – сөз өнерінің мәйегі» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеде халқымыздың тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі мен тарихын бейнелейтін баға жетпес рухани мұра айтыстың шығу тарихы, дамуы мен ерекшеліктерін қамтитын әдебиеттер ұсынылды. Сонымен қатар Жамбыл Жабаев, Кенен Әзірбаев, Сүйінбай Аронұлы сынды сөз шеберлерінің мұралары, сондай-ақ қазіргі айтыс өкілдері, Қостанай өңірінің айтыскерлері Әсия Беркенова және Әлпия Орманшина, «Алтын домбыра» иегері Айбек Қалиевтің шығармашылығы мен өнерге қосқан үлестері жайлы мағлұмат берілді. Бұл тағылымды шара жас буынның ұлттық әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, сөз өнерінің құдіретін терең түсінуге мүмкіндік береді. | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|