Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Өлді деуге бола ма, өлмес өлең жазғанды» | 16.02.2026 | Құрметті оқырмандар, Л. Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК өлкетану әдебиеттері бөлімі назарларыңызға ақын, Қазақстанның халық жазушысы, аудармашы Мәриям Хакімжанованың туғанына 120 жыл толуына арналған «Өлді деуге бола ма, өлмес өлең жазғанды» виртуалды акциясын ұсынады. Мәриям Хакімжанова қазіргі Алтынсарин ауданының Мезгіл ауылында дүниеге келген. Ол көптеген поэтикалық жинақтардың авторы, оның ішінде Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың ерлігіне арналған «Мәншүк» (1945 ж.) поэмасы ерекше көзге түседі. Мәриям Хакімжанованың поэзиясы терең отаншылдық сезімге толы, оның шығармаларынан күннің сәулесі, нәзіктік пен жанның жылуы сезіледі. Оның шығармашылығын өз халқының алдындағы: соғыстың қиын жылдарындағы, жасампаздыққа толы жарқын кезеңдегі мұңы мен сыры деуге болады. Назарларыңызға Татьяня Щербинина оқыған Мәриям Хакімжанованың «О книге» өлеңінің бейнежазбасын ұсынамыз. Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/shorts/TRz2w1xB2Ng | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|