Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| IV «#ОқыЖәнеЖең» онлайн кітап оқу байқауын қорытындылау салтанаты | 06.02.2026 | 2026 жылғы 06 ақпанда «IQostanay» оқушылар сарайында IV облыстық «ОқыЖәнеЖең» онлайн кітап оқу байқауының жеңімпаздарын кезекті салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Қостанай облысының әкімі Қ. І. Ақсақалов пен Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан жоба өңірдің мәдени өміріндегі маңызды ағартушылық мәнге ие болып үлгерді. Жоба кітап оқуды ұнататындарды, педагогтарды, кітапханашыларды, оқушылар мен студенттерді біріктірді және тұрғындар тарапынан кең қолдауға ие болды. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Кәмелетке толмаған қатысушылардың ата-аналары, байқауға ең көп қатысушыларды тарта білген білім беру саласының педагогтары мен басшылары, облыс кітапханаларының басшылары мен ұжымдары, марапаттау рәсімін ұйымдастыруға көмек көрсеткен мәдениет мекемелерінің өкілдері, сондай-ақ демеушілер алғыс хаттармен марапатталды. Байқау кітап пен кітап оқуға шынайы қызығушылық танытатын адамдардың басын біріктірді. Салтанатты рәсім жеңімпаздар үшін жарқын және есте қаларлық оқиға ғана емес, сонымен қатар облыс тұрғындары үшін рухани байлықтың сарқылмас көзі ретінде кітап оқушылардың қатарына қосылуға ықпал еткен шабыттың көзі болды. #kitap10 #кітап #костанай #kostanay #kst | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|