Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Қазақ тілі және мәдениет» | 03.02.2026 | Л. Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК қызметкерлері ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «№40 мекемесі» РММ-нде «Қазақ тілі және мәдениет» тақырыбымен ақпараттық сағат өткізді. Іс-шара қазақ халқының дәстүрлерін, мәдениеті мен тілін үйренуге арналды. Кітапханашылар қатысушыларға Қазақстанның бай тарихи-мәдени мұрасын ұсынды, салт-дәстүрлермен, ұлттық құндылықтармен, сондай-ақ қазақ тілінің негіздерімен таныстырды. Кездесу барысында қазақ халқының мәдениетін тереңірек түсінуге мүмкіндік беретін тақырыптық материалдар, кітаптар мен мультимедиялық ресурстар көрсетілді. Мұндай іс-шаралар ой-өрісті кеңейтуге, мәдениетаралық өзара түсіністікті нығайтуға және мемлекеттік тіл мен ұлттық дәстүрлерге құрметпен қарауды қалыптастыруға ықпал етеді. Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы сотталғандарды мәдени-ағартушылық сүйемелдеуге, олардың білім алуына және тұлғалық дамуына көмек көрсетуге бағытталған жұмысын белсенді жалғастыруда. | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|