Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Ақпараттар ағымы» | 03.02.2026 | Құрметті оқырмандар! Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі назарларыңызға «Ақпараттар ағымы» көрмесін ұсынады. Көрмеде жыл сайын маңызды оқиғаларға, мерейтойлық күндерге және өңір тарихындағы аса маңызды кезеңдерге арналған өзекті материалдар қойылатын тақырыптық жедел сөрелер жаңартылып отырады. Қостанай облысының 90 жылдығына арналған «Қостанай жері: адамдар, оқиғалар, фактілер» тақырыптық сөресі ұйымдастырылды. Көрмеде кітап басылымдары, фотосуреттер, өңірдің дамуы туралы, ауыл шаруашылығындағы және өнеркәсіптегі жетістіктер туралы, мәдениет және көрнекті тұлғалар туралы құжаттар ұсынылған. 2026 жылы қазақ халқының көрнекті өкілдерінің көптеген мерейтойлары атап өтіледі. Осы атаулы күндердің құрметіне көрмеде қазақ халқының ұлт-азаттық күресінің белсенді қатысушысы Тұрлығұл Қошқарұлының туғанына 335 жыл толуына арналған «Тұрлығұл молда – Торғайдың тұңғыш ұстазы», күйші, жырау Мергенбай жыраудың 195 жылдығына арналған «Қазақтың талантты жырауы», батыр Барақ Жанұзақұлына арналған «Ұлы даланың батыры» тақырыптық жедел көрмелері рәсімделді. Көрме материалдары рухани кодты сақтаудың және өткен тарихымызды құрметтеудің маңыздылығын еске салады. Ұсынылған әдебиеттер мемлекеттілігіміздің бастауында тұрған тұлғалардың еңбегі мен қажыр-қайратын тереңірек түсінуге көмектеседі деп үміттенеміз. Өткенін жадынан шығармаған ұлт болашаққа сеніммен қарамақ. Кітап көрмесі жыл бойы жұмыс істейді. | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|