Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Қабдеш Жұмаділов – қазақтың қабырғалы қаламгері» | 03.02.2026 | Жыл сайынғы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында бүкіл елдің оқуы үшін көрнекті қазақстандық жазушы Қ. Жұмаділовтың «Тағдыр» атты тарихи романы таңдалды. Абонементтер бөлімінде «Қабдеш Жұмаділов – қазақтың қабырғалы қаламгері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Келушілердің назарына «Тағдыр» романы, «Дарабоз», «Саржайлау», «Прометей алауы» секілді жазушының басқа да танымал шығармалары, сондай-ақ оның замандастарының пікірлері, берген бағалары мен естеліктері жарияланған мерзімді баспасөз материалдары ұсынылды. Бұлардан басқа келушілерге автордың шығармашылығымен толығырақ танысуға мүмкіндік беретін QR-кодтар қойылған. Кодтарды сканерлеу арқылы шығармалардың электрондық нұсқаларына, сондай-ақ бейнематериалдар мен сұхбаттарға қол жеткізуге болады. Барлығыңызды жыл бойы жұмыс істейтін көрмені көруге шақырамыз. Бейнероликті жасау үшін ЖИ-тің құралдары пайдаланылды. | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|