Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Сазгер мұрасы – рухани қазына»
28.01.2026
28 қаңтарда «Мирас» МҮ-нде белгілі әнші-композитор, еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстан Республикасы Композиторлар одағының мүшесі Қалибек Деріпсалдинге арналған «Сағыныш сазы» атты еске алу кеші өтті. Кеш аясында Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Сазгер мұрасы – рухани қазына» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрме келушілерді композитордың бай шығармашылық мұрасымен, оның елдің ұлттық музыкалық өнері мен рухани мәдениетін дамытуға қосқан үлесімен таныстырды.
Көрмеде кітаптар, ноталық басылымдар, әндер жинақтары, мерзімді басылымдардағы мақалалар, сондай-ақ композитордың өмірі мен шығармашылық жолын көрсететін фотоматериалдар ұсынылды. Көрме материалдары оның талантының жан-жақтылығын, музыкалық стильдің өзіндік ерекшелігін және шығармаларының қазақстандық мәдениет үшін маңыздылығын ашуға мүмкіндік берді.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus