Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Тәуелсіздік жолындағы күрес: Қазақтың тарихи тұлғалары» | 12.01.2026 | 12 қаңтардан Әмбебап оқу залында қазақ тарихының көрнекті тұлғаларына: Исатай Тайманұлына (туғанына 235 жыл), Жәңгір хан Бөкейұлына (туғанына 225 жыл) және Абылай ханға (туғанына 315 жыл) арналған «Тәуелсіздік жолындағы күрес: Қазақтың тарихи тұлғалары» атты кітап көрмесі жұмыс істей бастады. Көрме аталған тарихи тұлғалардың тәуелсіздік, мемлекетті нығайту және ұлттық дәстүрлерді сақтау жолындағы күресін баяндайды және олардың өмір жолын, саяси және мәдени жетістіктерін көрсететін әдебиеттерді, сондай-ақ жаңа ұрпаққа шабыт беретін ұлттық және рухани мұраны ұсынады. Көрмеде тарихи зерттеулер, құжаттар мен мұрағат материалдары, осы көрнекті тұлғалар дәуіріндегі Қазақстанның әлеуметтік-саяси өмірі туралы кітаптар ұсынылған. Барлық келушілерді көрмемен танысуға, Қазақстан тарихына сапар шегуге және еліміздің ұлттық қаһармандарының ерлігі, кемеңгерлігі мен көшбасшылығы туралы көбірек білуге шақырамыз. Көрме жыл бойы жұмыс істейтін болады. | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|