Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Қостанай – қасиетті өлке, қастерлі мекен»
05.01.2026
Өлкетану әдебиеттері бөлімі жаңа жылда оқырмандар назарына Қостанай облысының құрылғанына 90 жыл толуына арналған «Қостанай – қасиетті өлке, қастерлі мекен» атты безендірілмелі кітап көрмесін ұсынады.
Қостанай облысы – бұл бай тарихы, өзіндік мәдениеті мен ұрпақтан ұрпаққа ұқыпты жеткізіліп келе жатқан бірегей дәстүрлері бар, ұрпақтар сабақтастығы үзілмеген өңір.
Көрме үш тақырыптық бөлімнен тұрады. «Қостанай облысы: өткені және қазіргі кезең» атты бірінші бөлімінде облыстың білім беру тарихы, оның құрылуы, дамуы және елдің маңызды аймақтарының бірі ретінде қалыптасуы туралы баяндайтын әдебиеттер ұсынылған. «Газет беттеріндегі өңір тарихы» деп аталатын екінші бөлімінде өңір газеттері мен өңірдің өмірін, оның қоғамдық, мәдени, әлеуметтік жетістіктерін және көрнекті тарихи сәттерін көрсететін газет мақалалары ұсынылған. Баспа басылымдары өткен кезеңнің атмосферасына енуге және аймақ оқиғаларын қазіргі кездің тұрғындарының көзімен көруге мүмкіндік береді. «Туған өлкем – алтын бесік» аталған қорытынды бөлімінде Қостанай облысының қалалары, аудандары мен ауылдары туралы баяндайтын әдебиеттер қойылған. Кітаптар бай мәдени мұра, табиғи ерекшеліктер, белгілі тұлғалардың өмірі және аймақ тұрғындарының еңбектегі жетістіктері туралы әңгімелейді.
Көрме Қостанай облысының тарихының қаншалықты жан-жақты және терең екенін көрсетуге, оның ел дамуындағы рөлін атап өтуге және туған өлкені зерттеуге қызығушылықты оятуға бағытталған.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus