Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Тәуелсіздік – жүректің үні
15.12.2025
15 желтоқсанда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қостанай қалалық орталық «Марал ишан» мешітімен бірлесе отырып мемлекеттік тілде оқытатын Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушыларына «Тәуелсіздік – жүректің үні» атты әдеби сағат ұйымдастырды.
Іс-шара барысында халықтың жан айқайын бейнелейтін «Елім-ай» әнінің мәтіні оқылып, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына арналған мазмұнды поэзиялық шығармалар ұсынылды. Сондай-ақ тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның экономикалық, мәдени, білім және спорт салаларында қол жеткізген жетістіктері қамтылған «Біз құрған Қазақстан: Қазақстандықтардың жеткен жетістіктері» атты бейнематериал көрсетілді. Білімді бекіту мақсатында оқушылар арасында тәуелсіздіктің белгілері, тарихи тұлғалар мен ұлттық нышандар тақырыптарын қамтыған «Сәттілік дөңгелегі» атты интерактивті ойын ұйымдастырылды. Қатысушылар жоғары белсенділік танытып, жақсы білім көрсетті.
Әдеби сағат қатысушылардың ел тарихына деген қызығушылығын арттырып, азаттықтың қадірін терең сезінуге және отансүйгіштік рухты нығайтуға ықпал еткен тағылымды іс-шара болды.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus