Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Маусым айының мерейгер жазушысы: Орынбек Беков
02.06.2023

Орынбек Беков – жазушы, ақын, әдебиеттанушы, қоғам қайраткері. 1898 жылы 4 маусымда Семей губерниясында (қазіргі Қарағанды облысының Шет ауданы) кедей шаруаның отбасында дүниеге келген.

Орынбек Беков екі сыныпты училищені бітіріп, зауытта жұмысшы болып жұмыс істеді. Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясынан кейін Орынбек Беков зауыттың саяси өміріне белсенді қатысады, Депутаттар кеңесі төрағасының орынбасары және еңбек бюросының төрағасы болып сайланады. Орынбек Беков – қазақ өнері туралы сыни мақалалардың авторы, М. Әуезовпен бірлесіп Қазақстан жазушыларының бірінші съезінде қазақ драматургиясы туралы баяндама жасады.

Орынбек Бековтың әңгімелері мен өлеңдері республикалық газеттер мен «Жаңа әдебиет» журналының беттерінде жарияланды. Қазақ ауылын ұжымдастыру тақырыптары, Кеңес өкіметін орнату мәселелері «Каплю крови для великой цели», «Как мы победили в гражданской войне», «На благо великого дела», «Что такое советизация аула», «Батраки, вступайте в союз» атты публицистикалық мақалалар жинағында көрініс тапқан. Орынбек Бековтың шығармашылығындағы маңызды оқиға «Советбике» повесі болды, ол қызықты сюжетімен және тілінің шұрайлығымен ерекшеленді. Оның есімімен Ағадыр кентінің бір көшесі аталған.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus