Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Кітапхана түні-2023»
24.04.2023

2023 жылғы 21 сәуірде Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Кітапхана түні-2023» әлеуметтік-мәдени акциясы аясында барлық тілек білдірушілерге өз есігін тағы да айқара ашты. Оған оны өткен жылдан бері күтіп жүрген көптеген қостанайлықтар отбасыларымен, достарымен және таныстарымен бірге келді. Алайда кітапхананың алдына жиналып қалған ығы-жығы халыққа таңдана және әуестікпен қараған жүргінші жұрт та аз болмады.

Бұрынғы жылдардағыдай, акция белгілі бір тақырыпқа арналды, бұл жолы ол іргелі ғылымдарға арналды. Сондықтан келушілерді тек ойын-сауық қана емес, сонымен қатар ғылыми-танымдық іс-шаралар да күтіп тұрды. Ғылыми білім мен техникалық шығармашылықты, ғылыми және публицистикалық шығармашылықты насихаттайтын бірнеше алаң бір мезгілде жұмыс істеді. Барлық нысандар қандай да бір белгіленген тақырыппен байланысты болды.

Кітапхана қонақтары оқырмандар үшін жабық қорлар мен қоймаларда болып, түрлі квесттер мен викториналарда өз бақтарын сынап көруге, тренингке немесе пікірталасқа қатысуға, дәрістер мен шеберлік сыныптарында жаңа білім мен дағдыларды игеруге, ал ең белсенділері зияткерлік ойындарға қатысып, физикалық, химиялық және биологиялық тәжірибелерді көруге, сондай-ақ әуесқой әдебиетшілердің әдеби-музыкалық кешіне қатысуға және караокеде ән айтуға мүмкіндік алды. Әртүрлі көрмелер, ойын және фотоаймақтары, аквагрим мен ментальды арифметиканы үйрету ерекше сұранысқа ие болды. Балалар сиқыршы-көз байлаушы Антон Вознесенскийдің, «ДеТвоРа» шоу-бум студиясының, «Star Kids» актерлік шеберлік студиясының «Жить здорово с улыбкой» эмерсивті спектаклінің қойылымдарын қызығушылықпен тамашалады. Ал үлкендер жағы «Болашақ үшін сақталар бабалар мұрасы» (кітапхананың сирек қорында) және «Ғалымдардың өмірінде орын алған қызықты деректер» (оқу залында) бейнероликтерін тапжылмай тамашалады.

Әрбір келуші өзінің жанына жақын қызықты іс-шара таба алды және бұл кештен ешкім бейжай қалған жоқ деуге әбден болады!

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus