Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Нұр құшып Наурыз келді өлкемізге»
10.03.2023

«Нұр құшып Наурыз келді өлкемізге»

 

10 наурызда Л. Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК «Ақ қауырсын» әдеби клубы Наурыз мейрамына арналған «Нұр құшып Наурыз келді өлкемізге» атты әңгіме алаңын өткізді. Оған шараға жиналғандардан басқа Рудный қ. және Арқалық қ. ОКЖ онлайн режімінде кісілер қосылды. Қоғам қайраткері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Күзембайұлы және ақын, жазушы, ғалым Серікбай Оспанов ұлттық мәдениеттің қайта жаңғырған мерекесі туралы айтып берді. «Ақ қауырсын» әдеби клубының жетекшілері – ақын, журналист Ғазиз Мешіт және ақын, киізбен сурет салудың шебері Бағлан Қызылбайұлы дарынды жастармен бірлесе отырып Наурызға, көктемге, табиғаттың жаңаруына арналған жүректен шыққан өлеңдерін оқыды. Сондай-ақ олардың тарапынан жиналғандардың барлығына жылы тілектер айтылды. Кеш соңында Жамбыл жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі – жас ақын және композитор Арысбек Бағдәулетұлы тыңдаушыларды жаңа әнімен қуантты.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus