Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Бейбіт Нұрмұхановпен кездесу
01.03.2023

28 ақпанда Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық әмбебап кітапханасы Л. Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК-ның оқырманы, талантты жас жазушы және журналист, облыстық «Қостанай таңы» газетінің тілшісі, «Ақ қауырсын» әдеби клубының мүшесі Нұрмұханов Бейбіт Мейрамұлымен «Қасиет бар қаламда мен білмеген» атты онлайн кездесу өткізді. Онлайн кездесуге Шығыс Қазақстан облысының барлық аудандық кітапханаларынан 41 қатысушы қатысты. Жас жазушы кездесуге қатысушыларды өзі туралы және өз шығармалары туралы, әдебиет туралы, Қазақстандағы жазушылық кәсіптің болашағы туралы мазмұнды әрі қызықты әңгімесімен баурап алды. Кездесу соңында әдемі әңгіме мен сырлы сұхбатқа куә болған шараға қатысушылар жас жазушыға қаламының мұқалмауын, шабытының сарқылмауын және оқырмандарының көп болуын тілесті.


Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus