Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Киелі Қазақстан: рухани дәстүрдің бастауы»
12.01.2023

2023 жылы Әмбебап оқу залы «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы аясындағы жұмысын жалғастыруда. Осыған орай оқырмандар назарына Қазақстанның киелі жерлеріне арналған «Киелі Қазақстан: рухани дәстүрдің бастауы» атты кітап көрмесі ұсынылды. Қазақстанда киелі орындардың көп екені белгілі. Олардың әрқайсысы ғасырлардың баға жетпес естелігі. Әлем ғарыштық жылдамдықпен өзгеруде. Қазір тарих пен ұлттық дәстүрлерді жинау, сақтау өте маңызды

Кітап көрмесінде Қазақстанда, атап айтқанда Қостанай облысының аумағында орналасқан киелі орындар мен нысандар туралы қызықты деректерді ашатын бірегей кітап басылымдары ұсынылған. Олардың ішінен «Сакральный Казахстан», «Сакральные объекты Казахстана общенационального значения», «Қазақстанның 70 тарихи орны» және т. б. басылымдарды ерекше атап өтуге болады. Бұл аңыздар мен түрлі хикаяларға толы және халық арасында ерекше құрметке ие жалпыұлттық киелі нысандар мен кешендер туралы баға жетпес ақпарат. Қазақстанның киелі жерлерін көрмедегі QR-код бойынша да көруге болады.

Сіздерді Қазақстанның киелі орындары мен нысандары бойынша қызықты кітап әлеміне шақырамыз.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus