Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Космическая одиссея Артура Кларка»
07.12.2022

Л. Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК қонақжайында ағылшынның фантаст жазушысы, ғалым, өнертапқыш, тележүргізуші Артур Чарльз Кларктың туғанына 105 жыл толуына арналған «Космическая одиссея Артура Кларка»  атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ол 1968 жылы бар дәуірдің ең ықпалды фильмдерінің бірі болған Стэнли Кубриктің «2001: Космическая одиссея» фильмінің сценарийін жазуға қатысты. Сонымен қатар А.Кларк ғарышқа саяхатты насихаттаушы және көрнекті футуролог болды.

Көрмеге А. Кларктың әр жылдары жарық көрген ғылыми-фантастикалық шығармалары, 1980 жылы «Советская Культура» газетінде басылған сұхбаты, Рэй Брэдберидің Артур Кларктың өмірбаянына жазған алғысөзі және оның өмірі мен шығармашылығына арналған мақала бар. Көрме ғылыми фантастика жанрының көрнекті өкілінің шығармашылығын насихаттауға, оқырманның ойлау көкжиегін кеңейтуге, көрнекті автор мен оның шығармаларына назар аударуға арналған.

Көрме 2023 жылдың 6 қаңтарына дейін оқырмандардың назарына ұсынылатын болады. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus