Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Сыр сүлейі – Әлшекей»
05.12.2022

Құрметті оқырмандар, Өнер туралы әдебиеттер бөлімі назарларыңызға күйші Әлшекей Бектібайұлының туғанына 175 жыл толуына арналған «Сыр сүлейі – Әлшекей» атты кітап көрмесін ұсынады.

Композитор және күйші Әлшекей Бектібайұлы 1847 жылы Жаңақорған ауданында, Қаратау тауларының етегіндегі Бектібай сазы (қазіргі Жайылма ауылдық округі) деген жерде дүниеге келген. 70-ке жуық күй шығарған Әлшекей ұзақ уақыт бойы назардан тыс қалып келді.

Көрмеге «Қазақ күйлерінің тарихы» Т. Мерғалиев, «Певческие традиции и отражение этико-эстетических воззрений в произведениях казахских народных композиторов ХІХ века» А. Нугманова, «Алтай – Қобда домбыра күйлері» М. Хұсайынұлы, «Бозторғай» К. Әзірбаев, «Қазақ әндерінің антологиясы І, ІІ том» секілді және т.б. көптеген әдебиеттер қойылған.

Көрме ай бойы жұмыс істейтін болады.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus