Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Қазақтың қайсар қаламгері»
18.11.2022

Абонементтер бөлімінің қызметкерлері Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына орай А. Байтұрсынұлы ат. ҚӨУ студенттері үшін «Қазақтың қайсар қаламгері» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрмеде мерейтой иесінің әр жылдары жарық көрген кітаптары ұсынылды. Көрмеге келушілер автордың таңдаулы романдары, повестері мен публицистикалық мақалалары жинақталған «Алты томдық шығармалар жинағы» атты 6 томдық басылымға үлкен қызығушылық танытты.

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы адамдардың ерен еңбегі жайындағы кітапхана қорынан алынған «Соғыстың соңғы жесірі», «Бесеудің хаты», «Белгісіз солдаттың баласы», «Мылтықсыз майдан» кітаптары келушілердің назарын аударған басылымдар болды. Студенттер әйелдердің күрделі тағдыры туралы, жас қазақтардың еңбектегі өмірі, отбасы жайындағы, Отанға деген көзқарас туралы баяндайтын «Ай мен Айша», «Черное ожерелье», «Огненная стрела», «Бойтұмар» шығармаларымен танысты. Көрмеге автордың өмірі мен шығармашылығы жайындағы мерзімді басылымдардан алынған мақалалар да қойылды.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus