Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Туған жердің жолдары»
21.10.2022
20 қазанда кітапхананың бірінші қабатының фойесінде ұлттық мереке –Республика күнін мерекелеу аясында қостанайлық суретші Олег Витальевич Кусковтың «Туған жердің жолдары» атты жеке көрмесінің ашылуы өтті.
Олег Витальевич – түрлі бағытта жұмыс істейтін, өзіне тән қолтаңбасы бар суретші, ол үнемі әртүрлі жанрда, тақырыпта және түрлі техникамен жұмыс істегенді ұнатады. Оның пейзаждық жұмыстары әсіре бейнелеуден аулақ болуымен, табиғат көрінісінің анықтығымен және қарапайымдылығымен көз тартады. Суретші О. В. Кусковтың шығармашылығында әсіресе қаланың бұрынғы табиғаты ерекше көрініс тауып жатады, ондағы көне ғимараттар еш алаңсыз өмір сүріп жатқан мамыражай тіршілікті еске түсіреді.
Көрермендер назарына түрлі техникада орындалған 20-дан астам жұмыс ұсынылды.
Аталған іс-шараға 80 адам қатысты, олардың ішінде қонақтар: Суретшілер одағының мүшелері және белгілі қостанайлық суретшілер – Н. Торшин, В.Быков, С. Шалунова, Г. Соков, С. Ли болды. Сондай-ақ көрменің ашылуына БАҚ өкілдері қатысты. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus