Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Ғылыми-практикалық конференция «Жыр тұлпары, сыр сұңқары – Сырағаң»
20.10.2022

2022 жыл – белгілі ақын және жазушы, Қостанай облысының тумасы Сырбай Мәуленовтің 100 жылдық мерейтойы.

Осыған орай «Қазақ әдебиеті апталығы» аясында Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК ҚР Жазушылар одағының және Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының қолдауымен «Жыр тұлпары, сыр сұңқары – Сырағаң» атты ғылыми-практикалық конференциясының пленарлық отырысын өткізді.

Конференцияға С. Мәуленовтің ұлы мен қызы – Қасым және Бақытжамал Мәуленовтар, ҚР Жазушылар одағының Қостанай филиалының мүшелері, мәдениет және білім беру мекемелерінің өкілдері, Қостанай облысының мемлекеттік кітапханаларының кітапханашылары, қаланың білім беру мекемелерінің студенттері мен оқушылары қатысты.

Ғылыми-практикалық конференцияға қатысушыларды ҚР Жазушылар одағының төрағасы, ақын, журналист Ұлықбек Есдәулет, жазушының ұлы Қасым Мәуленов, Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Болатұлы Қалмақов құттықтап сөз сөйледі.

Конференцияда белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, балалар мен жасөспірімдерге арналған 15-тен астам кітаптың авторы Серікпай Оспанов «Сырлы әлемнің Сырбайы» атты баяндама жасады.  Соңғы екі жылда С.Оспановтың Ы.Алтынсарин және А.Байтұрсынұлы туралы кітаптары жарық көрді. С.Оспанов Сырбай Мәуленовпен жақын таныс болды, онымен араласып тұрды, оның шығармашылығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады.

Конференцияның келесі қатысушысы – филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Жазушылар одағының және әлем халықтары Жазушылар одағының мүшесі, 30-дан астам кітаптың авторы Ақылбек Шаяхмет «Жыр тұлпары, Сыр сұңқары» тақырыбына баяндама жасады.

Конференцияға С. Мәуленов атындағы Қостанай қалалық гимназиясының директоры Данагүл Сүйіндікова және Жангелдин ауданының Милісай орта мектебінің директоры Олжас Сәдуақасов қатысты, олар С.Мәуленовтің шығармашылық мұрасын насихаттау бойынша мектеп педагогтары мен оқушылары атқарып жатқан жұмыстар туралы айтып берді. 

Конференция жұмысы балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік әдеби шығармалардың Ы.Алтынсарин атындағы республикалық байқауының және «Жыр тұлпары, сыр сұңқары – Сырағаң» ғылыми-практикалық конференциясының «Ақын ғұмыр» секциялық отырысына ұсынылған үздік баяндама байқауының жеңімпаздарын марапаттаумен аяқталды.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus