Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Менің жерім, менің Қазақстаным»
17.10.2022

Республика күні–ҚазақстанРеспубликасының ұлттық мерекесі. 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларация ел Тәуелсіздігінің қалыптасуында маңызды рөл атқары. Қазақстан алғаш рет өзін өзінің дүниетанымы, өзіндік салт-дәстүрлері, сондай-ақ өзінің болашақ дамуы туралы көзқарасы бар республика ретінде жариялады. Ұлттық мерекелерді мерекелеу орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда ресми іс-шаралар өткізумен сүйемелденеді. Әмбебап оқу залы оқырмандар назарына Республика күнін мерекелеуге арналған «Менің жерім, менің Қазақстаным» атты кітап көрмесін ұсынады.

Көрмеде Қазақстан тарихы, оның мәдениеті мен әдет-ғұрпы, тәуелсіздіктің бастауында тұрған және біздің заманымызда Қазақстанның дамуына тікелей атсалысып жүрген тұлғалар туралы қызықты кітаптар ұсынылған.

«Хранители великой степи» фотокітабы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бағдарламасы бойынша жарық көрді. Кітапта Қазақ хандығының қалыптасу кезеңі туралы материалдар жинақталған. Бұл үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде көркем безендірілген басылым.

Ахмет Тоқтабайдың «Қазақ тазысы. Казахская борзая тазы.  Казаkh borzoi tazy» кітабы да ерекше қызықты.Итпен аң аулау – атпен және құспен аң аулаумен бірге ежелгі дәуірден келе жатқан дәстүрлі аңшылық кәсіп. Қазақ тазысы – аңшылық иттер арасында ерекше орын алатын атақты тұқым. Кітапта жинақталған көптеген мәліметтер мен деректер негізінде қазақтың ит өсіру мәдениеті туралы айтылады, әсіресе тазыны ұстау жайына ерекше тоқталады.

Ілияс Бастамидің «Казахстан: технология успеха» кітабында жүргізіліп жатқан реформалардың мәні ашылып, дамудың күрделі кезеңдерінен өтудің сырына тоқталады, қысқа уақытта табысты мемлекет құруға қалай қол жеткізілгеніне жауап беріледі.

Көрмеге қойылған осы және басқа кітаптар оқытушыларға, студенттерге және көпшілік оқырмандарға пайдалы болуы мүмкін.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus