Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Лебединая верность»
12.10.2022

12 қазанда Өлкетану әдебиеттері бөлімі Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК қонақжайында қостанайлық жазушы Т.А. Кайгородцеваның «Лебединая верность» кітабының тұсаукесерін өткізді.

  Татьяна Кайгородцева Меңдіқара ауданының Люценко а. дүниеге келген. Білімі бойынша педагог болып табылатын ол өлең де, проза да жазады. Әсіресе оның балаларға арналған шығармалары ерекше сәтті шығып жатады.  Өзінің жаңа кітабында ол оқырман назарына екі роман, повесть, әңгімелер мен табиғатты суреттеген,  философиялық ой түйген және махаббатты жырлаған таңдаулы өлеңдерін ұсынды. 

Авторды құттықтауға достары, туыстары және оның талантын сүйетін оқырмандар келді. Сондай-ақ шараға қаланың жоғары және орта оқу орындарының оқушылары қатысты. Олар Т. А. Кайгородцеваның туған жері, шығармашылығы мен педагогикалық қызметі жайындағы әңгімесін қызығушылықпен тыңдап, өздерінің сұрақтарын қойды.

Кеш соңында «Детская парковка» балалар студиясының Елена Рац жетекшілік ететін ішекті аспаптар үйірмесі музыкалық тарту орындады.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus