Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Тіл – әр халықтың асыл қазынасы»
05.09.2022

5 қыркүйек күні Әмбебап оқу залы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының № 6697 әскери бөлімімен бірлесе отырып Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Тіл – әр халықтың асыл қазынасы» атты ақпараттық сабақ өткізді. Мереке 5 қыркүйекке – қазақ ағартушысы және ғалымы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне белгіленді.

Тілдер күні – Қазақстанның барлық азаматтарының достығының, туыстығының және бірлігінің белгісі, ал халықтар достығы, өзара түсіністік және ынтымақтастық – мемлекет құрылысының басты тірегі.

«Тіл – әр халықтың асыл қазынасы» кітап көрмесін, «Тіл – баға жетпес мұра» библиомиксін тамашалау кездесуді ерекше мерекелік ахуалмен толтырып, жиналғандардың тілдер мен түрлі ұлттардың дәстүрлері туралы білімдерін кеңейтті, сонымен қатар ана тіліміз бен елімізге деген сүйіспеншілік пен құрметтің аса маңызды екенін әрқайсымыздың есімізге салды. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus