Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Жанарға жас үйірген жеңіс»
02.08.2022

2022 жылдың 5 тамызында екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Жақыпбекұлы Бигелдиновтың туғанына 100 жыл толады. 1 тамызда осы аты аңызға айналған адамды еске алу үшін Әмбебап оқу залы «Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесімен және «Қостанай гарнизонымен» бірлесіп «Жанарға жас үйірген жеңіс» атты еске алу кешін дайындады.

Іс-шараның құрметті қонақтары ретінде Ауғанстандағы соғыс ардагері В.И. Пимичев, ҚР Қарулы күштерінің майоры А. И. Қибеков, Ауғанстандағы соғыс ардагерлері кеңесінің төрағасы М. Е. Жұбанышев қатысты.

Талғат Бигелдиновке арналған кітап көрмесі, «Қыран текті» деректі фильмі, музыкалық нөмірлер кештің мазмұнын толықтыра түсіп, жиналғандардың жүрегіне қаһарманға деген құрмет пен сүйіспеншілікті ұялатты.

Кездесуге Қостанай гарнизонының әскери қызметшілері, «Альбатрос» әскери-патриоттық клубының мүшелері қатысты.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus