Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Достарым менің жаралған елден ерекше»
15.04.2022

15 сәуірде Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК қонақжайында өлкетану әдебиеттері және абонементтер бөлімі бірлесе отырып ақын Белла Ахатовна Ахмадулинаның туғанына 85 жыл толуына арналған поэтикалық коллаж кешін өткізді.

Ақын Иосиф Бродский Белла Ахмадуллинаны «орыс поэзиясының маржаны» деп атады. Оның шығармашылығы ХХ ғасырдың екінші жартысындағы орыс әдебиетінің ең жарқын және маңызды құбылыстарының бірі болды. Бұл поэзияның қайта өрлеу кезеңі болды. Жас ақындар Роберт Рождественский, Евгений Евтушенко, Андрей Вознесенский және Белла Ахмадулина өз дәуірінің дауысы болды, олардың өлеңдері оқырмандардың үлкен қызығушылығын тудырды және баспасөзде қызу пікірталас жүріп жатты. Авторлармен кездесуге келген жұрт залдарға сыймай жатты.

Іс-шараны ұйымдастырушылар 1950–60 жылдардағы поэтикалық кештердің осындай ахуалын келгендерге жеткізуге тырысты. Олар Белла Ахатовнаның өлеңдерін өздері оқып қана қоймай, бағдарламаға кейбір туындылардың авторлық орындалуын, сондай-ақ танымал кинофильмдерден оның бәріне таныс әндерін тыңдауға мүмкіндік беретін бейнероликтерді енгізді. Қостанайлық әдебиетші, қоғам қайраткері А. С. Денисов және педагог С. П. Багдасарова ақынмен болған кездесу туралы естеліктерімен бөлісті. Ал «63» шығармашылық ұжымы Белла Ахмадулинаның өлеңіне жазылған жаңа әнін орындады.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus