Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Қазақстанның Қарулы күштері – мемлекет қауіпсіздігінің кепілі»
07.04.2022

Құрметті оқырмандар, биыл Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толады. Осы айтулы оқиға аясында Абонементтер бөлімінде ашылған «Қазақстанның Қарулы күштері – мемлекет қауіпсіздігінің кепілі» кітап көрмесі өз жұмысын жалғастыруда.

Көрмеге ұсынылған әдебиеттер арасында «Закон Республики Казахстан о воинской службе и статусе военнослужащих», «Военная служба», «Устав внутренней службы Вооруженных сил, других войск и воинских формирований Республики Казахстан»  нормативтік құқықтық актілер жинақтары, «Айбын энциклопедия»; «Военная энциклопедия Казахстана» басылымдары,  авторлары К. Аманжолов пен А. Тасболатовтың «Қазақстанның әскери тарихы» кітабы, С. Тайжановтың «Өмір қауіпсіздігі негіздері» кітабы, М. Серкпаевтың «Основы военной истории», «История военного искусства» басылымдар сериясы, сондай-ақ «Международное военное сотрудничество Республики Казахстан: проблемы и перспективы (1991–2005 гг.)» басылымдары бар.

Бұл басылымдарда мемлекеттегі тәуелсіздіктің барлық кезеңінде армияның тұрақты жауынгерлік әзірлігін және жеке құрамның жоғары моральдық-жауынгерлік рухын қолдау бойынша жүргізілген жүйелі жұмыс, мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы стратегиялық және бағдарламалық құжаттар, сондай-ақ тарихтың әртүрлі кезеңдеріндегі Қазақстанның әскери өнерінің даму кезеңдері баяндалған.

Көрме жылдың соңына дейін жұмыс істейді.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus