Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Ізгі істің ізбасарлары»
14.03.2022

11 наурызда әдеби қонақжайда екінші жыл қатарынан Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК қолдау көрсетуімен жас ақындардың «Ізгі істің ізбасарлары» атты семинар өтті.

Семинарға «Крылья», «Prata Martis» әдеби бірлестіктерінің мүшелері мен көбі өздерін облыстық әдеби байқауларда бірнеше рет көрсетіп және тіпті олардың жеңімпаздары болып үлгерген тәуелсіз авторлар: Рустам Ищанов, Елена Коршун, Богдан Тургайский, Олеся Дубиковская қатысты. Алайда қатысушылардың арасында Татьяна Маркова, Диляра Әбдіқалықова секілді жаңадан қосылғандар да болды. Семинардың жүргізушілері Өлкетану әдебиеттері бөлімінің әдеби-ақпараттық секторының қызметкерлері, жазушылар Татьяна Тихомирова және Алексей Олексюк, сондай-ақ белгілі қостанайлық ақын Евгений Демидович болды. Шара басында «Крылья» жастар студиясының жетекшісі Татьяна Тихомирова қатысушыларға арнап құттықтау сөз сөйледі. Жұмысты талқылау шамамен үш сағатқа созылды, бірақ қатысушылар оны байқамай да қалды. Ақындар мен жазушылардың әрқайсысы өздеріне тиесілі жұмыстардың ішінен өз таңдауларын жасады, оларға барлық қатысушылар лайықты бағаларын берді. Сондай-ақ семинар аясында Иван Данилов атындағы байқау өтті. Орындар келесідей ретпен бөлінді: 1 орын – Рустам Ищанов, 2 орын – Елена Коршун, 3 орын – Богдан  Тургайский. Барлық жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен, ал қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus