Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Кітап және қаламгер»
11.03.2022

Өлкетану әдебиеттері бөлімі кітап пен кітап оқуды ілгерілету жобасы аясында «Кітап және қаламгер» кітап көрмесіне арналған бейнесюжеттер сериясын жалғастыруда. Бұл жолы назарларыңызға қостанайлық автор Екатерина Медведеваның (Смышляеваның) «Забор из розовых теней» өлеңдер жинағын ұсынамыз.

Қазір Екатерина қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде танымал. Сонымен қатар ол талантты ақын. Ол «Ковчег» әдеби бірлестігінің мүшесі, түрлі әдеби байқаулардың жеңімпазы, екі рет «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты болды. Оның шығармалары «Берега», «Простор», «Алға», «Нива» әдеби-көркем журналдарында басылып шықты.

«Забор из розовых теней» жинағына мазмұны мен түрі бойынша түрлі жылдардағы өлеңдер енген, бірақ олар әрдайым дерлік автордың жеке басынан өткен нақты фактілерден бастау алады. Бұл жұртты ынтықтыра түседі. Жинақ тек поэзияны сүйетіндер үшін ғана емес, сонымен бірге оқырмандардың көпшілігі үшін де қызықты, өйткені Екатерина Медведеваның қарапайым, бірақ сонымен бірге ой салатын өлең жолдары біздің күнделікті өмірімізді бейнелейді.

https://www.youtube.com/watch?v=-rYr5_JHE8A

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus