Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Өлді деуге бола ма, өлмес өлең жазғанды»
23.02.2022
Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК өлкетану әдебиеттері бөлімі көрнекті қазақ ақыны, прозашы, Қазақ КСР халық жазушысы, жерлесіміз Сырбай Мәуленовтің 100 жылдығына арналған «Өлді деуге бола ма, өлмес өлең жазғанды» атты виртуалды акцияны бастайды.

Сырбай Мәуленов 1922 жылы 17 қыркүйекте Торғай к. дүниеге келген. Қызылорда педагогикалық институтының тіл және әдебиет факультетінде оқыған. 1940 жылы әскер қатарына шақырылды. 1943 жылы 18 қаңтарда Ленинград қоршауын бұзып өту кезінде ауыр жараланады. Соғыстан кейін түрлі мерзімді басылымдарда редактор болып жұмыс істеді. 1948 жылы тұңғыш өлеңдер жинағы жарыққа шықты.
Сырбай Мәуленов – Евгений Винокуров, Борис Слуцкий, Қайсын Құлиев, Қасым Аманжолов және тағы басқалар енген ақындық майдангер бауырластықтың өкілі. Сырбай Мәуленовтің дарыны туралы Әди Шәріпов: «Жас ақынның адамгершілік мұраттары жолдастарымен бірге өз халқының тағдырын, бүкіл адамзаттың тағдырын қорғап жатқан кезде, артиллерияның үздіксіз атысы астында траншеяларда қалыптасты», - деп бағалаған болатын.

Акция барысында қостанайлық жазушылар, ғалымдар, педагогтар, қоғам қайраткерлері мен мәдениет қайраткерлерінің, кітапхана оқырмандарының Сырбай Мәуленовтің өлеңдерін оқыған бейнероликтері жазып алынатын және интернетте жарияланатын болады. 

Бұл акция Сырбай Мәуленовтің шығармашылық мұрасын насихаттауға, оның өмірбаяны мен шығармаларын зерттеуге деген қызығушылықты оятуға ықпал етеді.

#СырбайМәуленов100 



Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus