Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Төрткүл дүние таныған тәуелсіздік нышандары
17.02.2022
2022 жылдың 17 ақпанында Л. Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК әмбебап оқу залы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің қабылданғанына 30 жыл толуына арналған «Төрткүл дүние таныған тәуелсіздік нышандары» атты кітап көрмесінің салтанатты тұсаукесерін өткізді. 

Көрменің ашылуы – биылғы жылдың маңызды оқиғасы. Оның бөлімдері Қазақстанның Мемлекеттік рәміздерін қабылдаудың негізгі кезеңдерін көрсетеді. Қазіргі уақытта саясаткерлер жас тәуелсіз Қазақстанды бұрын қол жетімсіз болған биіктіктерді бағындырып, барған сайын қуатты мемлекетке айналып келе жатқан, бәсекеге қабілетті, озық ұлт болуға ұмтылған ел ретінде сипаттайды.

Тұсаукесерге жиналғандарға арнап кітапхана басшысы Д. Дүйсебаева құттықтау сөз сөйледі.  «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының өкілі Сания Әлмағамбетова, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай филиалының қызметкері Мейрамкүл Оспанова, А. Байтұрсынов ат. ҚӨУ магистранты Қанат Қасымов мерейтой күнінің маңыздылығы туралы өз ойларымен бөлісті. Іс-шара соңында әділет майоры Асқар Рақышев кітапхана әкімшілігіне отаншылдық тәрбие берудегі табысты ынтымақтастығы үшін алғыс хат табыс етті.

Кітап көрмесі жұмысын жыл бойы жалғастыратын және үнемі жаңа материалдармен толықтырылып отыратын болады.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus