Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Ұлы Үндістан»
14.02.2022
13 ақпанда Қазақстан мен Үндістан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығы және Үндістан Республикасы Тәуелсіздігінің 75 жылдығы аясында Әмбебап оқу залында «Ұлы Үндістан» атты кітап көрмесі ашылды.

Іс-шарада Үндістан және оның мәдени құндылықтары туралы көптеген қызықты ақпараттар айтылды.

Ежелгі заманнан бері Қазақстан мен Үндістан өзара достық пен өзара мүдделілік шеңберінде берік байланыс орнатқан, сондықтан көрмедегі дәстүрлі және қазіргі заманғы мәдени құндылықтардың үндесуі, үнді және қазақ мәдениеттерінің ортақ мұрасы көрініс тапқан «Казахстан – Индия: древность, средневековье и современность», «Эхо далекого прошлого: Индия и Казахстан» атты ағылшын тіліндегі басылымдар ерекше қызығушылық тудырды.

Сондай-ақ Рабиндранат Тагордың поэмалары, Махатма Гандидің қазақ тіліндегі өмірбаяны және Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған хинди тіліндегі кітабы оқырмандардың назарын аударды.

Іс-шараға қатысушылар мен кітапхана оқырмандары үшін ең керемет кітаптардың бірі «Индия – миллиарды причин» кітабы болды.

Кездесудің қатысушылары мен оқырмандарына йога жайындағы кітаптар ерекше ұнады.

Кітап көрмесі 23 ақпанға дейін жалғасады және Үндістан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы мәдени-тарихи жақындасу ісіне лайықты үлес қосады, Үндістан мен Қазақстан қатынастарының одан әрі мәдени дамуына серпін береді.

Көрменің тұсаукесері Қазақстан Республикасындағы Үндістан Республикасы елшілігінің және Қостанай қаласындағы «Шакти» үнді би студиясының қолдауымен өтті.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus