Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Ұлы даланың ұлы мұрасы
11.02.2022
Өткеннің мұрасы, салт-дәстүр – бұлардың бәрі ұлттың мәдени-генетикалық кодын бейнелейтін нәрселер және олар сан ғасырдан бері ұрпақтардың қаншама буынын  байланыстырып келе жатқан тарихи-мәдени мұра болып табылады.

Абонементтер бөлімінде оқырмандар назарына келесідей авторлардың басылымдары ұсынылған «Ұлы даланың ұлы мұрасы» атты кітап көрмесі безендірілді: Ахметова Ә. «Еуразия коды. Бесінші өркениет қарсаңында»; Бейсенбайұлы Ж. «Ұлы Даланың ежелгі тарихының этномәдени төркіндері»; «Ұлы Дала елі. Страна великой степи» кітабы; М. Неталиевтің «Кіші жүз шежіресі» тарихи-этнографиялық зерттеуі; С. Назарбекұлының «Қазақтың киіз үйі» этнографиялық мәліметтер басылымы; «Қазақ салт–дәстүрлері» ұлттық дәстүрлер жинағы; Қазақстанның алғашқы этнографтары туралы танымал зерттеушілердің тартымды және қызықты түрде жазылған «Первые этнографы Казахстана» очерктері; «Анималистическая вселенная казахской культуры в диаграмме эпох» ғылыми-зерттеу жобасының қорытындысы, ҚР БҒМ ұжымдық монографиясы;  У. Х. Шәлекеновтың «Қазақ өркениеті» монографиясы; «Культ коня у казахов», автор А. Тоқтабайдың жылқымен байланысты салт-дәстүрлер туралы жинаған құнды материалдары; «Тюльпаны и другие луковичные растения Казахстана», А. О. Иващенконың Қазақстанның сәндік жағынан ең әдемі әрі бағалы жабайы өсімдіктеріне жазған очерктері, оның ішінде қызғалдақтың 50-ден астам түрінің сипаттамасы. Сондай-ақ көрмеде тақырып бойынша басқа да мазмұнды әдебиеттер ұсынылған.

Көрме жылдың соңына дейін жұмыс істейтін болады. 
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus