Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Киелі Қазақстан: Рухани дәстүрдің бастауы»
05.01.2022
Өлкетану әдебиеттері бөлімі жаңа жылды «Киелі Қазақстан: Рухани дәстүрдің бастауы» атты кітап көрмесінің жұмысымен ашты. Кітап көрмесі «Рухани жаңғыру» ұлттық жобасы аясында ұйымдастырылып, Қазақстанның киелі жерлеріне арналды. Қазақстанда киелі орындардың көп екені белгілі. Олардың әрқайсысы ғасырлардың баға жетпес естелігі. Әлем ғарыштық жылдамдықпен өзгеруде. Қазір тарих пен ұлттық дәстүрлерді жинау, сақтау өте маңызды.

Кітап көрмесіне энциклопедиялар, кітаптар, баспасөз клиппингі және Қазақстанда, атап айтқанда Қостанай облысының аумағында орналасқан бірегей және қызықты киелі жерлер мен нысандар туралы баяндайтын каталогтар ұсынылды. Әсіресе «Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандары. Региональные сакральные объекты Казахстана» кітабы ерекше назар аударады. Кітапқа қандайда бір дінге қатысы жоқ қасиетті орындар туралы ақпарат кіреді. Бұлар – Қазақстан халқының бірлігіне, оның азаматтық бірегейлігін нығайтуға ықпал ететін, өткен кезең туралы білім беретін нысандар. Қостанай облысында көптеген таңғажайып және қайталанбас орындар мен нысандар бар. Олар Торғай петроглифтері, Қамысты бекінісі және басқа да көптеген айтулы тарихи нысандар. Олар туралы «Қасиетті Қазақстан. 3-том» кітабынан біле аласыздар. Бұл кітап болашақ ғылыми зерттеулерге, ізденістерге, жаңалықтар мен іздеулерге арналған ғылыми нұсқаулық болып табылады.

Құрметті оқырмандар, сіздерді Қазақстанның киелі жерлері мен нысандарына арналған қызықты кітап әлеміне шақырамыз.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus