Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Әлем әдебиеті кітапханасы»
05.01.2022
Құрметті оқырмандар!

Абонементтер бөлімі назарларыңызға «Әлем әдебиеті кітапханасы» кітап көрмесін ұсынады. Бұл – шетел, орыс және қазақ әдебиеті классиктерінің алтын қоры. 

«Әлем әдебиеті кітапханасы» – әдебиеттің әлемдік жауһарларын жасаған, әр уақытта жазылған, көрнекті, талантты, атақты жазушылардың барлық жанрдағы ең үздік, танымал шығармаларынан тұратын кітаптар топтамасы. Олардың ішінде Ш. Айтматов, Н. Гоголь, В. Гюго, Т. Драйзер, Т. Манн, А. Науаи, А. Пушкин, Ж. Сэнд, Р. Тагор, Л. Толстой, М. Шолохов, Г. Флобер және басқалар бар.

Кітаптардың көркем безендірілуі, қатты мұқабасы, жоғары сапасы кітап оқығанды ұнататындар үшін оларды тартымды ете түседі. Көрмеден классикалық шығармаларды ғана емес, сонымен қатар тарихта өз ізін қалдырған заманауи кітаптарды да таба аласыздар. Әдеби мұраның кереметтерін көріп, классикалық шығармалардың мәңгілік екеніне куә болыңыздар.

2022 жылдың қаңтар айы бойы жұмыс істейтін көрмені тамашалауға шақырамыз.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus