Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Қостанай облысының ақындары мен жазушыларының қолтаңбалары, кітапты сыйға тартқандары туралы жазулары бар кітаптар коллекциясы»
28.12.2021

        Құрметті оқырмандар! Сирек кітаптар мұражайы «Қостанай облысының ақындары мен жазушыларының қолтаңбалары, кітапты сыйға тартқандары туралы жазулары бар кітаптар коллекциясы» аңдатпалы әдебиеттер көрсеткішін дайындады. Бұл коллекциядағы баға жетпес кітаптар авторлар кітапханаға әр жылдары келген кезде сыйға тартылған. Олардың ішінде Ғұмар Ахметчин, Әбдірахман Досов, Ақылбек Шаяхмет, Александра Суслова және т.б. әдебиет шеберлері бар. Қолтаңба, сыйлыққа тартылғаны туралы  жазбалар басылымға өзгелерден ерекше қызығушылық тудырады. Автордың өз қолымен жазылған жазуларың арқасында кітаптар әдеби-тарихи, мәдени құндылыққа ие болады, бұл оны ерекше ете түседі, автор қолының табы қалған бірден-бір басылымға айналдырады. Сондай-ақ қолтаңбалары бар кітаптар нақты уақытты көрсете отырып сыйға тартушылардың өмірбаянына бұрын белгісіз болған жаңа мәліметтер қосады.   

 Көрсеткіштегі материал қазақ және орыс тілдерінде ұсынылған. Библиографиялық көрсеткіш филологтарға, ғылыми қызметкерлерге, кітапханашыларға, студенттерге және көпшілік оқырмандарға арналған.

Сілтеме: https://cloud.mail.ru/public/DNVX/BXj99JJUN


Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus