Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Леонид БЕДА – біздің жүрегімізде!
27.12.2021

2021 жылғы 26 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Новопокров ауылының тумасы, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Леонид Игнатьевич Беданың Беларусьта қайғылы қазаға ұшырағанының 45 жылдығы.

Бостандық үшін күрескен батырды мәңгі есте қалдыру мақсатында Гродно облысының Лида қаласы мен Қазақстан Республикасының Қостанай қаласының бауырластығын орнату үшін бастама көтерген жобалық топ «Родина подвига – Родине героя» халықаралық еске алу және алғыс айту эстафетасы аясында бүгін Қазақстан, Беларусь, Ресей және Украина өкілдерінің қатысуымен Халықаралық сабақ өткізді. 

WhatsApp Messenger арқылы байланысқа шыққан Халықаралық еске алу және алғыс айту сабағына қатысушылар өте әсерлі және өте танымдық әңгіме өткізді.

Іс-шараға Киев қаласынан батырдың туған інісі Николай Игнатьевич Беда, эстафетаның үйлестірушісі – ММХҚИ доценті Александр Ужанов, Қостанай қаласынан өзінің тарих пәнінің мұғалімі, «Асар» Белорус-Балтық этномәдени бірлестігінің жетекшісі Фатима Дәулетбаеваның жетекшілік етуімен аңыз ұшқыштың есімін иелену құқығы үшін күресіп жүрген Новопокров орта мектебінің оқушысы Сергей Якушевич, Мәскеуден бауырластық туғандарын құрудың бастамашыларының бірі Алексей Буланов қатысты.

Еске алу сабағын жобалық топ жетекшісі, «Родина подвига – Родине героя» халықаралық еске алу және алғыс эстафетасын ұйымдастыру комитетінің мүшесі, Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкері Раиса Борисенко жүргізді.

Барлық қатысушылар Леонид Игнатьевич Беданы ризашылықпен және құрметпен еске алды. Новопокров мектебінің 8 сынып оқушысы Дарьяна Улешбаева атақты жерлесімізге арналған өлеңін оқыды.

Сондай-ақ бауырлас қалалардың жұмысын жолға қою және Лида мен Қостанай қалалары арасындағы келісім жобасын дайындау бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп берілді.

 Леонид Игнатьевич Беданы есте сақтау үшін одан әрі атқарылатын іс-шаралар жоспары жасалды.



Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus