Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Тәуелсіздік – қазақтың сан ғасырлық арманы» дөңгелек үстелі
25.06.2021
Абонементтер бөлімі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында «Тәуелсіздік – қазақтың сан ғасырлық арманы» атты дөңгелек үстел өткізді.

Қазақстан үшін Тәуелсіздік – ата-бабаларымыз сан ғасыр армандаған ең қымбат қазына, ең асыл игілік. Сондықтан да біз тәуелсіздігімізді бағалаймыз, егемен елімізді мақтан тұтамыз. Шынайы тәуелсіздікке апаратын жол қиын және азапқа толы болды. Осы жылдар ішінде Қазақстан басқа мемлекеттер бірнеше ғасырда істеген нәрсені жасай алды. Бұл – болашақ ұрпақ үшін берік іргетас, ХХІ ғасырда қуатты, тәуелсіз және серпінді дамып келе жатқан мемлекет құру үшін сенімді негіз.

Іс-шараның қонағы болғандар: саясатшы, тарих ғылымдарының кандидаты Валерий Георгиевич Вишниченко, тарих ғылымдарының кандидаты, Челябі мемлекеттік университеті Қостанай филиалының профессоры Сергей Владимирович Самаркин, Ы.Алтынсариннің мемориалдық мұражайының бас қор сақтаушысы Назгүл Төкенқызы Шектібаева, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Jas Otan» Қостанай облыстық филиалының төрағасы Абай Жангелдіұлы Жүсіпов.

Дөңгелек үстелге қатысушылар өз сөздерінде Қазақстанның мемлекеттілігі тарихының өзекті мәселелерін, тәуелсіздік жағдайындағы елдің даму стратегиясын талқылады, Қазақстан халқы ассамблеясының ұлтаралық келісім мен бірліктегі маңыздылығын қарастырды, жастарды отаншылдыққа тәрбиелеудің негізгі мәселелерін атап өтті, Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық мұражайының қоғамның әлеуметтік-мәдени жүйесіндегі рөлі туралы айтты.

Іс-шара соңында барлық қатысушылар Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасу тарихын баяндайтын кітаптар қойылған шара аттас кітап көрмесімен танысты. #Qazaqstan30

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus