Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Пушкиннің сөзі өлмейді
07.06.2021
7 маусым күні Өлкетану әдебиеттері бөлімінің әдеби-ақпарат секторы А.С. Пушкиннің туғанына 222 жыл толуына орай іс-шара өткізді. Кеш балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуына қолдау көрсету жылы аясында өткендіктен шараның бұл жолғы қонақтары Қостанай қаласының мектеп-балабақша-гимназиясының жазғы лагерінің оқушылары болды. Ұйымдастырушылар балаларды Александр Сергеевичтің өмірбаянымен таныстырды, ақынға арналған фильмнің үзіндісін көрсетті, А. С. Пушкиннің ертегілері бойынша викторина өткізді. Қонақтар құр қол келмей, өздерімен бірге суреттер, тіпті Александр Сергеевичтің портретін алып келді, ақынның жаттап келген өлеңдерін оқып берді. Іс-шара соңында балалар А.С. Пушкиннің «Золотой петушок» ертегісінің сыйлық басылымын алды.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus