Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Қайта оралған шындық пен естеліктер»
28.05.2021
Әмбебап оқу залы «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» ММ «Қоғамдық келісім» КММ-мен, «Nadzieja» Қостанай облыстық поляк қоғамы» ҚБ-мен бірлесіп поляк халқының қайғылы күні – поляктардың Қазақстанға күштеп жер аударылуының 85 жылдығы шеңберінде 28 мамырда «Қайта оралған шындық пен естеліктер» атты тақырыптық кеш өткізді. 

Кеңес одағын Сталин басқарған жылдары Қазақ КСР-не 5 миллионнан астам адам,  оның ішінде 102 мың поляк жер аударылды.

Ұлы дала қысқа уақыт ішінде жүздеген мың адамдар үшін олардың жер аударылған, қамалған жеріне айналды, қазақ жері Отанын жоғалтқандар үшін мәңгілік тұрақ тапқан мекенге айналды, ал тірі қалғандары мен олардың ұрпақтары үшін Қазақстан олардың екінші Отанына айналды. 

Іс-шараға арнап кітап көрмесі дайындалды, онда Қазақстанға арнайы қоныс аударушыларды қабылдауға дайындық, оларды қоныстандыру, республиканың шаруашылық өміріне тарту туралы баяндайтын түпнұсқа деректі материалдардың жинақтары қойылды.

Кітаптарда тоталитарлық режім жағдайында қоныс аударушылардың өз бейнесін, шығармашылық әлеуетін, мәдени-тұрмыстық дәстүрлерін, дінге тиесілігін, ана тілін қалай сақтап қалғаны көрсетілген. «Из истории поляков в Казахстане» (1936-1956 жж.) кітабы іс-шараға қатысушылардың ерекше назарын аударды.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus