Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Ашаршылықтың ащы шындығы»
27.05.2021

2021 жылдың 27 мамырында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында абонементтер бөлімі Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Ашаршылықтың ащы шындығы» атты аза тұту кешін өткізді.

2021 жыл – қазақ халқының ұлы трагедиясының 100 жылдығы. Іс-шара қонағы – ҰҚК органдарының құрметті ардагері, «Қазына» сыйлығының лауреаты, тыл еңбеккері, «Замана. Времена», «Ұмытылмайтын қасірет» кітаптарының авторы Мәулетов Ғалихан Нұржанұлы жазалау шараларында асыра сілтеудің орын алғаны, жазықсыз адамдардың тағдыры туралы әңгімеледі. Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының әдіскері Евдокия Андреевна Суряднова 20-шы жылдардағы ашаршылық, қазақ халқының қасіреті мен тауқыметі туралы айтып берді. Еңбек ардагері, білім беру ісінің үздігі Мәулетова Бақыткүл Жақсылыққызы  «Алжир» лагеріне барған сапарында алған әсерімен бөлісті.

Қазақстандықтардың қазіргі ұрпағы үшін қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу қашанда қасиетті іс. Іс-шара қайғылы оқиғаларға арналған бейнематериалдар көрсетілімімен, кітап көрмесімен сүйемелденді.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus