Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Алғыс арқалаған азамат»
06.05.2021
6 мамыр күні өлкетану әдебиеттері бөлімінің ұйымдастыруымен белгілі ғалым, ұстаз, қоғам белсендісі, А. Байтұрсынов ат. ҚӨУ профессоры, философия ғылымдарының кандидаты, Қостанай қаласының құрметті азаматы Қалқаман Жақыптың 75 жасқа толуына арналған «Алғыс арқалаған азамат» атты имидж-кездесу болып өтті.

Кеш барысында Қалқаман Хасенұлының өмірі мен қызметтік жолына арналған бейнеролик көпшілік назарына ұсынылды. Мерейтой иесі алғашқы тәлім-тәрбие берген ұстаздары туралы, ұлт ұстазы Ы. Алтынсаринге қатысты тың деректері жайында, Қазақстандағы ұлттар достастығы, солтүстік өңірдің қазақылыққа бет бұруы, жер-су атаулары, қоғамды салауатты өмір салтын ұстануға арналған насихат жұмыстары туралы және  т.б. көптеген сауалдар төңірегінде өз ойымен бөлісті. Жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, пікір алмасты. 

Кешке арнайы шақырылған қонақтар Қалқаман Хасенұлының азаматтық болмысын, қызметтегі жетістіктері жайлы пікір білдіріп, мерейлі 75 жасқа толуымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus