Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Жер бетінен жоғалмайтын Жеңіс»
06.05.2021
Біз Ұлы мереке – Жеңіс күні қарсаңында тұрмыз. Бұл күн әр отбасының, әр адамның тарихымен мәңгі байланысты, өйткені фашизмді жеңу – бүкіл  адамзаттың өмірі мен өркендеуі! Бұл жеңіс әкелеріміз, аталарымыз бен бабаларымыз үшін қымбатқа түсті. Сондықтан да біз оны жүрегімізде сақтап, оған ерекше құнттап қарауымыз керек. Ал Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар ұрпақтар жадының сақтаушылары болып табылады. Соғыс туралы кітаптар – бұл нақты оқиғалардың рухани жалғасы. Бүкілхалықтық мереке қарсаңында Л. Толстой ат. ОӘҒК өнер туралы әдебиеттер бөлімі тақырыптық кітап көрмесін дайындады. 

Аталған көрмеге сол жылдардағы оқиғалар туралы, Ұлы Отан соғысының құпиялары туралы кітаптар, естелік кітаптар, көркем әдебиет, соғыс жылдарындағы әндердің толық мәтіндері бар әндер жинағы, сондай-ақ оқырмандар күйтабақ ойнатқышта тыңдай алатын әскери-отаншылдық әндер жазылған күйтабақтар қойылған.

Көрмеде ұсынылған кітаптар жанқиярлық ерлік туралы, адамдарымыздың Отан үшін және біз үшін қымбат та қасиетті барлық нәрсені қорғау үшін жасаған ерліктері туралы баяндайды.

Соғыс туралы көркем шығармалар бейбіт өмір үшін күрескен адамдардың – ересектер мен балалардың ойлары мен сезімдерін сақтайды. Олар бізге соғыстың қиыншылықтары мен тауқыметінен аман өтуге, қаза тапқандарды еске алуға, олардың ерліктері мен бейбіт уақыт туралы армандарын өз көзімізбен көруге мүмкіндік береді. 

Өнер туралы әдебиеттер бөлімі оқырмандарды осы кітаптарды парақтап шығып, Ұлы Отан соғысының тынысын сезінуге шақырады.

Біз барлық қорғаушыларымызға, қазір өмір сүріп жатқан ардагерлеріміз бен жанымызда жоқ барлық жерлестерімізге бейбіт өмір үшін, ашық аспан үшін қарыздармыз. Олардың даңқы мәңгілік болсын!

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus