Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Отанға қызмет етемін!»
06.05.2021
6 мамырда Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Отан қорғаушы күні мерекесіне арналған «Отанға қызмет етемін!» атты ақпараттық сағат өтті.

Бұл күні іс-шараның қонағы орден иесі, Қостанай қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының Жинақтау бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау бөлімшесінің бастығы, сержант Тұрмағанбетов Самат Мұханбетқалиұлы болды. 

Іс-шараға Қазақ соқырлар қоғамының өкілдерімен қатар Индустриалды-педагогикалық колледж студенттері де қатысты. Бұл кездесуден балалар өздері үшін көптеген қызықты және пайдалы нәрселерді білді. Шараны ұйымдастырған көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімінің кітапханашылары қатысушылардың назарына «Әскери қызмет тарихы» таныстырылымын ұсынды. Іс-шараға қатысушылар әскердегі өмір туралы әңгімені қызығушылықпен қолдады, сондай-ақ келісімшарт бойынша қызмет ету жайында ақпарат алды, «Әскерлер ісі» викторинасында өз білімдерін тексерді.

Кездесу оқырман Александр Карпенконың орындауындағы «Друзей не забывайте» әнімен аяқталды.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus